"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Б.М. КЕНБЕИЛОВТЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН 2023 ЖЫЛДЫҢ ҮШІНШІ ТОҚСАНДАҒЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖӘНЕ ТӨРТІНШІ ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР ТУРАЛЫ КЕҢЕС ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 10 қазанында "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Б.М. Кенбеиловтың басшылығымен 2023 жылдың үшінші тоқсандағы жұмыс қорытындылары және төртінші тоқсанға арналған жоспарлар туралы кеңес өтті. Кеңес барысында инвесторлармен жұмыс жасау, инфрақұрылымдық даму, активтерді басқару және құқықтық қамтамасыз ету департаменттерінің ақпараты тыңдалды. Облыс басшылығы, жалғыз акционер, директорлар кеңесі және Басқарма Төрағасы қойған АЭА-ты одан әрі дамыту жөніндегі міндеттер мен іс-шараларды уақтылы жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.

Жобаларды іске асыру мониторингі және АЭА қатысушылары тарапынан шарттық міндеттемелерді орындау, оның ішінде инвестицияларды салу, құрылыс жұмыстары мен объектілерді пайдалануға берудің жұмыс кестелерін орындау мәселесіне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

“Ақтау теңіз порты" АЭА " АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 159